Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ұры өз әрекетін видеоға түсіріп отырған

Астаналық полицейлер 5 ұрлық ісіне қатысты ұрыны ұстады, деп жазады Stan.kz.

Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұры үнемі бір сценарий бойынша тонап отырған. Ол түнгі екі мен таңғы бестер аралығында көліктің құлпын бұзып ашып, автомагнитолаларды, құнды заттары алып отырған. Онымен бірге ұрлығын видеоға түсіріп жүрген.

Күдікті ұрлық жасап қана қоймай, көлікке зақым келтіріп, сындырып кетуге тырысқан. Оның ұрлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Күдікті бұған дейін де ұрлық ісімен айыпталған. Ол 5 ұрлық ісін мойындады. Ұрланған заттар қайтарылып, өзі тергеу изоляторына жіберілді.

Қазір күдіктінің басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Талқылау