Астанада шассисіз ұшақты жерге қондырған ұшқыш марапатталды

Астанада шассиі ашылмай қалған ұшақты жерге қондырып, 120 жолаушының өмірін сақтап қалған ұшқыш Дмитрий Родин “Жыл патриоты” құрмет белгісімен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Фото: inform.kz

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 27 наурызында «Қызылорда-Астана» бағытындағы «Бек Эйр» компаниясының «Фоккер-100» ұшағы елорда әуежайына апатты жағдайда қонған болатын. Әуе кемесінің алдыңғы шассиі істен шыққан-ды. Экипаж командирі Родиннің кәсіби біліктілігі мен ұстамдылығының арқасында ұшақ 120 жолаушысымен жерге қонды.

«Мен үшін патриоттық деген не? Патриоттық – отбасыңды сүю, еліңді сүю және өз ісіңді адал атқару. Ешкім патриот болып тумайды, патриот болып тәрбиеленеді. Соңғы жылдары  еліміздің жастар тәрбиесіне баса мән беріп отырғандығы қуантады. Мен үшін алаңдаған жандардың бәріне алғыс айтамын. Еңбегімді бағалаған Елбасына да рахмет. Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді ұшқыш Астанада өтіп жатқан “Туған жер! Туған тіл! Туған ел!” Қазақстан патриоттары форумында.

Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Родиннің Отан алдындағы ерлігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін «Халық Қаһарманы» атағын берген болатын.  Тәуелсіз Қазақстанның азаматтық авиация тарихында ешкім дәл мұндай марапатқа ие болған емес.  Қазақстанның патриоттар форумына өңірлерден және шет елдерден 200-ден астам делегат келді. Олардың арасында өз кәсібінің үздік өкілдері, Отан игілігі үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген дәрігерлер, әскерилер, өрт сөндірушілер, мұғалімдер, спортшылар бар.  Сондай-ақ, форумда ерекше ерлік көрсеткен, белсенді азаматтық ұстанымын білдірген және күнделікті еңбегімен және нақты істерімен Отанға деген сүйіспеншілігін көрсеткен ел паториттары арнайы номинациялармен марапатталды.

Оқи отырыңыз:

Астанада түрме қызметкері өзіне қол салды

Бүйрек ауыстырған қыздың анасы: Жәмила ауырып жатқанда бейтаныс әжей келіп батасын беріп кеткен еді

Тез танылған Қуандық Рахым 1 жыл ішінде ата-анасына зәулім үй алып берген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар