Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицей жедел жәрдем көлігінің жолын тежеп тастады

Астанада жол-патрульдік полиция қызметкері жедел жәрдем көлігін жібермей қойған. Көліктің ішінде аллергиясы асқынған 12 жастағы бала болған.

мсмс

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлады.

Бала ауырып ата-анасы 103 нөміріне хабарласқан соң, үйге жарқ-жұрқ еткен шамдары жоқ, бірақ есігінде медициналық белгісі бар көлік келеді. Бала ауырып жедел келе жатқан көлікті бекетте тұрған полицейлер, керекті мекен-жайға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшемен өткізіп жіберген.

Ал екінші рет қайта айналып келгенде, басқа тәртіп сақшысы жедел жәрдем көлігін қарсы жолақтағы бос жолмен өткізбей қойған. Баланың әкесінің айтуынша, баланың қиын жағдайда тұрғаны полиция қызметкерін тіпті де алаңдатпаған. Қуанышқа орай, барлығы сәтті аяқталды. Жасөспірімге дер уақытында көмек көрсетілген.

Талқылау