Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада оттың ортасында жалғыз қалып қойған балалар құтқарылды

Астанада оқыс оқиға! Ойда-жоқта тұтанған оттың ортасында қалған екі бала тірідей жанып кете жаздады. Құдай сақтап, шұғыл жеткен өрт сөндірушілер балаларды  соңғы сәтте құтқарып қалды,-деп жазды КТК арнасы.

Тілсіз жау Есілдің сол жағалауындағы мына элиталық көп қабатты тұрғын үйдің 10 –шы қабатынан шыққан. Осындағы пәтердің бірі қызыл жалынға оранғанда іште тек 12 жастағы қыз бен 2 жасар бүлдіршін  ғана болған.

Куәгерлердің айтуынша түтінге тұншыққан үлкені інісін кілемге орап, бауырымен бірге балконнан секіріп кеткісі келген. Қайта осы кезде құтқарушылар есікті сындырып, екеуін де аман-есен алып шыққан. Ал  жеткіншектерді жалғыз қалдырған шешесі үйден тек бірер минутқа шыққан едім деп ақталыпты.

Оқи отырыңыз:

Майк Тайсон: Анам маскүнем, әкем сутенер болды

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Ақтауда 50 жыл бұрын жазылған үндеу көмілген орнынан табылмады

Талқылау