Астанада Нұрлан Қоянбаев бастаған атақты КВН-шілер шұғыл түрде бесжұлдызды қонақүйден шығарылды (видео)
Астана бес жұлдызды қонақүйге тоқтаған квн ойыншылар 27 қабатты жаяу жүріп өтіп, төменге түсуге мәжбүр болды.

Елордадағы өнер жұлдыздары аялдаған қонақүйде өрт қауіпсіздігіне байланысты дабыл қағылады. Бастапқыда журналистер мен квн ойыншылары мұны әзіл деп ойлаған. Бірақ, кейін шұғыл түрде ғимаратты тастап шығу керектігін түсінеді.
Нәтижесінде журналистер мен квн жұлдыздары 27 қабатты жаяу басып өтіп, төменге түскен. БАҚ өкілдері квн ойыншыларымен 1 шілдеде болатын КВН жоғарғы лигасының жазғы кубогы қарсаңында кездесіп сұхбаттасқан болатын. КВН жұлдыздарының арасында “Азия” командасынан Эльдияр Кененсанов, “Камызяк құрамасынан” Азамат Мұсағалиев, “Казахидан” Нұрлан Қоянбаев, “Союз” командасы атынан Эльдар Гараевтар болды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты