Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қыз автобустан құлап, асфальтқа баспен соғылды

Астанада таңертең жолаушының шыққанын күтпестен жүріп кеткен автобус кесірінен қыз сыртқа қарай құлап түскен.

Бұл туралы Дина Кулаева есімді астаналық Фейсбук желісінде жазды.

“Бүгін жұмысқа бара жатып оқыс оқиғаға куә болдым. Автобус жолаушының сыртқа шыққанын күтпестен жүріп кетіп, қыз құлап түсті. Ол бірнеше рет аунап барып, асфальтқа баспен соғылды. Егер мен жедел жәрдем мен полиция шақырмағанда автобус кетіп қалар еді. Жедел жәрдемді 10 минут күттік, ал полиция әлі жоқ”, – деп жазады Дина.

Оқиғаға “Astana LRT” баспасөз хатшысы Асқар Атагулин де пікір білдірген. Оның сөзінше жолаушы жедел жәрдемнің көмегінен бас тартқан.

“Сондай-ақ, ол жүргізушіге де шағымым жоқ деп қолхат жазып берді. Мойындағандай ол өзі кінәлі екенін айтты”, – дейді Атагулин.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау