Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қонақта жүрген жас жігіт көп қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды

Астанада жас жігіт «Ақбұлақ таун» тұрғын үй кешеніндегі үйлердің бірінің 5-қабатынан құлап мерт болды.

Астанада қонақта жүрген жас жігіт көп қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды

Бұл туралы оқиға куәгерлері айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Жас жігіттің өліміне сол жердегі ересектер ғана емес, балалар да куә болған.

«Шамамен 25 жастағы жас жігіт терезеден құлап кетті. аулада үй тұрғындары жүрген. Кейбірі балаларымен қыдырып жүрді, кейбірі орындықта отырған. Кенеттен әлдененің құлаған даусын естдік. Сөйтсек адам құлап кетіпті. Бірден жедел жәрдем мен полиция келді. Бізден жауап алды. Көз жұмған жігіттің өзінде құжаттары болғанын айтты», – дейді көп қабатты үй тұрғындарының бірі.

Тұрғындардың бірінің сөзінше, ер адам бұл үйде тұрмаған. Ол қонаққа келген екен.

Аталған оқиғаны Астана ІІД растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау