Астанада көлік қағып кеткен қыз жүргізушіні ең ауыр жазаға кесуді сұрады

Астанада ойын-сауық орталығының жанында үш қызды көлігімен қағып кеткен жігітке қатысты сот болды. Зардап шеккен Әсел Рымханова жүргізушіні ең ауыр жазаға кесуді сұрады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оқиға 12 қарашада «Керуен» ойын-сауық орталығының тұрақ аймағындағы жаяу жүргінші жолында болған. Infiniti көлігін жүргізген ер адам 3 қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетті.

Апат салдарынан үш қыз зардап шекті. Екеуі жеңіл-желпі жарақат алғанымен, 24 жастағы Әсел Рымханова ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, бір аптадан соң ғана есін жиған.

Болат Молдағалиев өзінің эпилепсиясы бар екенін біле отырып, көлік тізгіндеген.

“Сол күні “Керуеннен” шығып бара жатқанмын. Көлік қағып кетті. Бірден есімнен танып қалғанмын ғой. Адамдар бірдеңе сұрап жатты. Мен не болып жатқанын түсінбедім. Қазір бұғанам, жамбасым ауырады. Сол жақ аяғым да жаныма батып жүр. Операция жасату қажет. Осымен бес рет операция жасаттым”, − деді Әсел Рымханова.

Рымханова соттан айыпты жүргізушіні ең ауыр жазаға кесуді сұрады.

“Молдағалиевті қоғамнан аластату керек, жасаған ісін түсініп, енді қайталамайтын болсын. Мені әдейі өлтіруге тырысты деуге болады. Жазбалардың бірінде шұңқырды айналып өтемін деп мені бар жылдамдықпен қаққаны көрініп тұр. Көліктің астына түскенмін. Ол болса әрі қарай кете барды! Көмектесуді ойлаған да жоқ. Молдағалиев сол жерде жатса, тірі қалмайтын еді”, — деді жәбірленуші.

“Оны кешіретін ойым жоқ. Ұстамасы ұстап қалды дегенге сенбеймін. Олай болса рөлге отырып несі бар? Онымен сөйлескім келмейді, көмегінің де қажеті жоқ. Маған қарайласатын ата-анам бар”, — деп ойын аяқтады ол.

Жүргізуші Болат Молдағалиев кінәсін жартылай ғана мойындады. Апат кезінде эпилепсия ұстамасы ұстап қалғанын алға тартады. Оқиғаның мән-жайы ер адамның есінде жоқ, бірақ апат орнын тастап кеткен жоқпын дейді. Молдағалиев Рымхановадан кешірім сұрап, емделу шығынын толығымен көтеріп алғысы келеді.

Тағы оқыңыз:

Экс-министр Бишімбаев түрмедегілермен жанжалдасып қалды

Тұрғын үйі арзан Қазақстанның бес қаласы анықталды

Еліміздегі ең сұлу полицей арулар (фото)

Оралда пара алған полиция қызметкерлері түрмеге отырмау үшін 52 миллион төлеуі тиіс

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар