Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда пара алған полиция қызметкерлері түрмеге отырмау үшін 52 миллион төлеуі тиіс

Оралда пара алған жасөспірімдер полицейлеріне сот үкімі шықты. Оларға 52,5 миллион теңге айыппұл  жазасы тағайындалды.

Бұл туралы   “Уральская неделя” хабарлады.

20 жастағы Әсем Найзабекова, 28 жастағы Альфия Хабибуллина және 30 жастағы Бақытжамал Есеналиева алдын ала келісіп лауазымды адамдардан пара алған.

Полицейлер жасөспірімге спирттік ішімдік сатқан дүкен иесінен 250 мың теңге алған.

«Есеналиева, Найзабекова және Хабибуллинаға алған парасынан 70 есе айыппұл (50 млн теңге), әскери лауазымдарынан айыру және өмір бойы мемлекеттік қызмет істеуге тыйым салу жазасы қолданылады. Айыппұлды төлеуге 1 ай көлемінде уақыт берілді. Ол уақытында төленбесе түрмеге қамалады», – деді судья Магира Китарова.

Сонымен қатар, сот «кадрлардың нашар тәртібі үшін» Орал қаласының ІІБ басшысына шара қолдану туралы жарлық шығарды.

Тағы оқыңыз:

Танымал фотографқа Көктөбені суретке түсіруге тыйым салды

Актердің Қазақстандағы сапары: Марк Дакаскос желіге секіріп тұрған суреттерін жариялады

Вице-министр кімдерге жер берілмейтінін айтты

Заңгер: Еліміздегі азаматтарға 10 сотық жер беруге қарсымын

Талқылау