Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Қайрат Нұртастың концертіне орай көлік қозғалысы тоқтатылады

12 желтоқсанда Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында әнші Қайрат Нұртастың ән кеші өтеді. Соған орай қаланың сол жақ жағалауындағы жол қозғалысы тоқтатылады.

maxresdefault

 

Астана қаласының ІІД-нің хабарлауынша, жол-патрулді полиция қызметкерлері қоғамдық көліктер мен таксидан басқасының барлығын тоқтататын болады.

Концерт кешкі 17.00-де басталып біткенге дейін Қабанбай батыр мен Тұран даңғылы, және Керей, Жәнібек хандары көшелерінен Хусейн Бен талал көшесіне дейінгі жерлер жабық болады. Ол жақтарды Орынбор көшесімен анйлып өтуге болады.

Сонымен қатар, адамдарды концртке жеткізуге 6 жерден арнайы рейстер шығарылуы ұйымдастырылды. Олар Қажымұқан көшесінің бойындағы Қазақстан тұрағынан, Қошқарбаев көшесіндегі  Хазірет сұлтан мешітінен, Нұр Астана мешітінің шығыс жағындағы тұрағынан, Қорғалжын жолының бойындағы Астаналық цирк тұрағынан,  Кенесары көшесіндегі Х.Мұңайтпасов атындағы стадионның тұрағынан және Затаевич көшесінде бұрынғы опера балет театры, қазіргі «Жастар» театрының тұраңынан арнайы рейстер жүретін болады.

Жол ақысы үлкендерге – 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға  – 40 теңге. Жолжүру билеттері жарамасыз болып табылады.

Кеш қонақтары Тимати, Нюша болады. Билеттен түскен ақшаның бір бөлігі қайрымдылық қорына бөлінеді. Бүгінде концерттің 21 мың билеті сатылған екен.

Талқылау