Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам -30 градус аязда жұқа жейдемен емін-еркін көшеде жүрді (видео)

Елордалықтар қақаған аязда көшеде бір қабат жейдемен жүрген ер адамды көріп таң қалысты.

1087311 (1)

Видео Instagram желісінде жарияланды.

Ер адамды көшеде көлікпен кетіп бара жатқан жолаушы видеоға түсіріп алған. Ол ер адамның жейдемен жүргенін, өзгелердің қалың тон киіп жүргенін айтты. Ол көлігімен өтіп кеткендіктен ер адамды жақыннын анық түсіре алмаған. Желі қолданушылары Астанада мұндай жандардың көптеп кездесетінін айтып жатыр.

Олардың бірі мұндай жағдайды видеоға түсіруге емес, көмектесуге асығу керегін жазды. Күлкіге айналдырғанша, көлігімен үйіне жеткізіп салғаны жөн екенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Иесі қараусыз тастап кеткен 14 мысық бірін бірі жеп қойған

Қазақстан тумасы кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда өлтіріп кетті

Қазақ ғалымы ойлап тапқан отқа жанбайтын жабын үлкен сұранысқа ие болуда

Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Талқылау