Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада джип аударылып, жол жиегіндегі оқушылар зардап шекті (видео)

Астанада джип көлігі аударылып, төрт бірдей мектеп оқушысы зардап шекті. Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

12845165

Жол апаты Иманов көшесі бойында орын алған.

“Төрт бала зардап шекті: Олардың біреуі – 2002, екеуі 2005 және 2007 туған балалар. Олар Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Үш баланың жағдайы ауырлық жағынан орта деңгейде болса, біреуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Қазір олардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар жасалып жатыр”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Мектеп оқушылары ауруханаға әртүрлі деңгейдегі жарақатпен түскен. Олар кеудесінен, ішінен, бас миынан жарақат алған. Әлеуметтік желідегі куәгерлердің айтуынша, оқиға тротуарға ұшып кеткен көлік кесірінен болған.

“Иманов көшесінде сұмдық жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен келген джип басқа машинаға соққан. Ал ол көлік жол шетіне ұшып кеткен. Ол тротуар бойында мектеп оқушылары тұрған болатын. Көлік жүргізушілері дін аман. Ал балаларды дәрігерлер алып кетті. Олардың жарақаттарының қай деңгейде екені белгісіз. Бір белгілісі оқыс жағдайдан олар қатты есеңгіреп қалған”, – деп жазды Фейсбук қолданушысы Арман Әлібек.

Астана қалалық ішкі істер департаменті де аталған жағдайды растап, мән-жайын анықтап кейінірек хабарлайтынын айтты.

Талқылау