Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада девальвациядан қорыққан зейнеткер шетелдік алаяқтарға жинаған ақшасының бәрін бере салған

Астанада 78 жастағы зейнеткер депозитте сақтаған 270 мың теңгесін алаяқтарға өз еркімен бере салған, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада девальвациядан қорыққан зейнеткер шетелдік алаяқтарға бар ақшасын бере салған

Астанада пәтер жалдар тұрып жатқан 60-45 жас аралығындағы үш өзбекстандық азамат (1 ер адам, 2 әйел) зейнеткерді алдап, 270 мың теңгесін алып кеткен.

Олар зейнеткермен қала көшелерінің бірінде танысып, елімізде девальвация болатынын және оның салдарынан әйелдің мүлде ақшасыз қалуы мүмкін екенін айтқан.

Күдіктілер оған бұл мәселені шешу үшін басқа банктен дисконт-карта ашуды ұсынады. Егде жастағы әйел алаяқтардың сөзіне сеніп, депозиттегі 270 мың теңгесін шешіп алып, оны жаңа таныстарының қолына ұстатқан. Өз кезегінде күдіктілер ақшаны қолына түсіргеннен кейін, ізін суытыпты.

«Қазіргі уақытта күдіктілер тұтқындалды. Олар өз кінәсін мойындап отыр», – делінеді хабарламада.

Күдіктілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олар «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау