Астанада ауа-райының қолайсыздығына байланысты 5 маман иелері ғана жұмысын жалғастырады

Әсет Исекешев астаналықтарды үйден шықпауға кеңес берді. Елорда әкімі тіпті қалада төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Исекешевтың тұрғындар үшін алаңдауына негіз бар.

Астана аяқ асты ақтүтек боранның астында қалып, ұйытқып соққан қар аралас жел Елорданың тіршілігін тұтас тұралатып тастады. Әуеде, жерде де, қатынас үзілді. Мыңдаған адам жолынан қалып, апат саны да еселеп артқан. Жел тіпті мешіт, көпқабатты тұрғын үй мен сауда орталығы, мектептердің шатырын жұлып әкетті.

Астанада бұрын-соңды үлкендер де үйден шықпасын деген  хабарландыру болған емес. Жел соғып, ауа-райы құбылғанда мектеп оқушылары ғана сабақтан қалатын. Бүгінгі боран қала әкімінің өзін сескендіріп тастады. Әсет Исекешев құтқару қызметінен өзгелерің жұмысты уақытша тоқтатыңдар деп, қалада төтенше жағдай жариялады.

“Мемлекеттік мекемелердің, қаладағы білім ошақтарының, базар, сауда ойын-сауық орындарының басшыларына және құрылыс жүріп жатқан нысандардың қожайындарына уақытша  жұмысты тоқтатуға  кеңес береміз. Тек полиция, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар қызметі, жедел медециналық жәрдем мен аурухана, емханалар қызметін жалғастырады”, – дейді қала әкімі.

Әкімнің «үйден шықпаңдар» деп шырылдауына негіз бар. Елордада желдің күштілігі соншалық, айналада түк көрінбейді. Қолайсыз ауа райынан тұрғындар таңертеңнен діттеген жеріне жете алмай, әбден әбігерге түсті.

Оқу орнының да шатыры желге шыдамай, қираған. Жалпы, долы жел ештеңені аямады. Жол бойындағы баннерлерден бастап, ағашты, қала ішіндегі әдемілік үшін қойылған темір қораптарды қиратып кетті. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры да шетінен жұлынып қалды. Тіпті, мешіттің күмбезі тесіліп, жұлма-жұлмасы шыққан. Аграрлық университеттің ғимаратының төбесінен де түк қалмаған, шатыры жан-жақта шашылып жатыр.

“Қазір Астанадан барлық бағытқа жол жабық, қаладан көліктің  шығуына  тыйым салынды. Ақмола, Қарағанды, Павлодар мен Қызылорда облыстарына  да жол жабық. Трассаларды  полицейлер  бақылап тұр. Сақшылар  құтқарушылармен бірге адамдарға, жолды тазартуға көмектесіп жатыр”, – ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Абырой болғанда, әзірге адам шығыны жоқ.

“Далада 2 мың техника жүр.  35 мың текше метр  қар шығарылды.  2 мың жұмысшы қаланы толық тазалап жатыр”, – дейді «Астана тазалық» ЖШС өкілі Алтын Нұржумина.

Ақтүтек боранға байланысты Астанадағы халықаралық әуежай да жабық. Ұшақтар көкке көтерілмеді. Рейстер кейінге қалдырылған.

 

Тағы да оқыңыз:

Жалғызбасты әке төрт баласымен өлместің күнін кешуде

Ақтөбеде қара киіммен тұмшаланған әйелдер мектеп алдында намаз оқып жұртты шошытты (фото)

Ақтөбеде өзіне қол салған офицердің әйелі сұмдық деректердің бетін ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар