Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғызбасты әке төрт баласымен өлместің күнін кешуде

Қызылорда қаласында жалғызбасты әке төрт баласымен өлместің күнін кешуде. Бүлдіршіндерімен қыстың қақаған аязында тоз-тоз болған жалдамалы пәтерді паналаған Күзембай Молдабеков қара жұмыс істеп тапқан аз-маз ақшамен әрең күнелтіп жүрмін дейді. Оның үстіне алпысқа таяған әкенің тұңғыш қызы тумысынан сал ауруымен ауырады екен.

Осыдан жеті жыл бұрын отбасын тастап кеткен отанасымен бірге бұл шаңырақтың жылуы да кеткендей. Төрт бала әбден ескірген үйдің есігі ашылса анамыз келген болар деп әлі де елеңдейді, деп хабарлайды 31 арна.

Алайда отбасы үшін қиын-қыстау кезде тастап кетіп, жеті жылдан бері ұл-қыздарының жағдайын білуге бір де бір рет келмеген бұрынғы әйелінің бұл әрекетіне жалғыз әке мойымай келеді. Жасы алпысқа тақаса да Күзембай Молдабеков қара жұмысқа жегіліп,  айына табатын елу мың теңгесін балаларының керегіне жеткізуге тырысады. Алайда тапқан табыс елде басталған қымбатшылық пен жалдап отырған ескі пәтерінің ақысынан артылмайды екен.

“2011 жылы әйеліммен ажырасқанмын. Содан бері осы төрт баланы бағып отырмын. Осы кезге дейін бір рет те балаларын іздеп келген емес. Маған да оңай емес төрт баланы бағу”, – дейді әке.

Бүгінде Күзембай Молдабеков төрт баласымен қаланың шетіндегі саяжайлардың бірінен бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келеді. Алайда аядай ғана екі бөлмелі қабырғалары шұрық-тесік пәтер мына суықта жылымай, балалар жыл сайын қыс бойы ауырып шығады екен.

“Біздің өзіміздің жеке үйіміз болғанын армандаймыз. Әрқайсымыздың өзіміздің жеке бөлме болғанын. Ас бөлме болғанын”, – Бекжан Күзембайұлы.

Табысын балаларының керегіне жеткізе алмай жүрген әкенің 15 жастағы қызы туғанынан сал ауруымен ауырады.Тағдыр сынына тап болған азамат науқас қызы мен кішкентай бүлдіршіндеріне қыста тұрақты пана боларлық жылы  үйіміз болса екен деп армандайды. Және қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда үш балалы ана қақаған қыста екі айдан бері жертөледе тұрып жатыр

Оралда жалғызбасты әке бес қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр (фото, видео)

Ақтөбеде қара киіммен тұмшаланған әйелдер мектеп алдында намаз оқып жұртты шошытты (фото)

Талқылау