Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада бейтаныс тойға барып көңіл көтерген ер адам екі смартфонды алып тайып тұрған

Әлеуметтік желіде бейтаныс жандардың тойына барып, бастан-аяқ көңіл көтеріп, билеп, той соңында екі қымбат телефонды алып тайып тұрған ер адам іздестірілуде.

ымыммымы

Бұл туралы Инстаграмдағы v_astane парақшасында жарияланған.

“Мына жас жігітті іздейміз. Ол үйлену тойында құдды “өзіміздің адам” секілді жүрді” деп жазады парақшада.

Оны көрген адамдардың барлығы әлдекімнің туысқаны шығар деп мәр бермепті. Екі жас үшін әбден шаттанған жас жігіт, кеш бойы би билеп, емін-еркін көңілін көтерген. Той соңында “телефон шалып алайын” деп екі қымбат телефонды сұрап, ақырында қалтасына салып тайып отырған.

Тойда адам көп болғандықтан, басқа да зардап шеккендер саны көп болуы да мүмкін екен. Парақшадағы хабарламаға мән берсек, “сол уақыттан бері бізде оның тек қуанышты сәттердегі суреттері ғана бар. Егер ол адамды өз тойыңызда көрсеңіз, хабарласуларыңызды сұраймыз…егер телефондарыңыз қалтаңызда қалса” деп жазылған.

Қазірде әлеуметтік желідегі осы жазбаны Фейсбуктағы парақшалар да басып, адамдар жиі бөлісіп, пікір қалдыруда. “Студентік жылдарда аш студенттер осылай істейтін. Бірақ мынау студентке ұқсамайды”, “Тойға міндетті түрде шақыру қағазымен кіргізу керек”, “Мұндай жағдай тек біздің қазақтардың тойында ғана кездесетін шығар. Той иесінің өзі қонақтардың жартысын танымайды” деп жазады қолданушылар.

Қытай телеарнасы Шыңжаңдағы малшы қазақтардың тұрмысын көрсетті (видео)

Австралиялық әйел өзіне жақындаған қолтырауынды аяқ киімімен үркітіп қуып жіберген (видео)

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтын жолсеріктер енді жұмыстан қуылады

Жаңаөзендіктер тағы да бас көтерді

Ердің де, әйелдің де даусын салған келіншек елдің таңданысын туғызды (видео)

Көлік тоқтатқан полицей “себепсіз тоқтатпа, ұят болады деген” жүргізушіні жібере салды (видео)

Талқылау