Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалып жатыр

Астана қаласында қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жасалынып жатыр. Бірақ сазгерге арналған мүсін әншінің туған жері Қызылордада тұрғызылатын болады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Екі елдің де сүйікті әншісіне айналған Батырхан Шүкеновтың ескерткішін астаналық мүсінші Жарас Шаймерденов жасауда. Әншінің саксафон ұстап тұрған мүсіні көпшіліктің көңілінен шығып, жұртты бір қуанышқа бөледі.

Астаналықтар халықтың ықыласына бөленген сазгердің мүсінін Елордаға да орнату керек деп ұсыныс тастауда. Олар әншінің әр туған күнінде, халық оның ескерткішіне барып сүйікті сазгерінің әсем әндерін айтатын болады дейді.

Желі қолданушылардың басым бөлігі мүсіншінің еңбегін бағалап, оған қошемет көрсетуде. Ескерткіш мүсіннің көптің көңілінен шыққаны соншалық Жарас Шаймерденовты алтын қолды мүсінші деп мақтап жатыр.

Тіпті кейбіреулер Батырхан секілді халықтың ықыласына бөленген тұлғаларға арнап саябақ ашылса екен деп пікір қалдырған. Олар қалаға осы әншілердің жанкүйерлері жиналып есіне алатын арнайы саябақ керек дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан Азия чемпионатында грэпплинг спортынан бірінші орын алды

Олар әлі де басқа ағымда: Сирияда жүрген содырларды отбасымен бірге не себепті Қазақстанға қайтарып жатыр?

Данияр Елеусінов біржола кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутермен келісім-шарт жасасты

Үш айда 3 жақынынан айырылған Әбединова қиындықты қалай жеңгенін айтып берді

Талқылау