Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олар әлі де басқа ағымда: Сирияда жүрген содырларды отбасымен бірге не себепті Қазақстанға қайтарып жатыр?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан келген қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ©Аmep Almohibany

“Өздеріңіз жақсы білесіздер, xалықаралық террористік ұйымдар Сирия мен Иракта жеңіліс тапты. Сондықтан ондағы содырлар отбасыларымен бірге басқа жерге, соның ішінде өз елдеріне қоныс аударуда. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды, қалғандары бақылауда. Бұл жерде назар аударатын маңызды мәселе, қайтып келгендер радикалдық көзқарасты ұстануда. Олармен профилактика мен бейімдеу жұмыстары жүргізілуде”, – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков үкіметтің бүгінгі отырысында.

Нұрғали Білісбековтің айтуынша, экстремизм мен терроризмді насиxаттау қарқыны қазақ қоғамын түбегейлі радикалдануға жеткізерлік деңгейде.

“Сондықтан осы және басқа да факторлар терроризм мен діни экстремизмге қарсы мемлекеттік күрес жүйесін одан ары дамыту қажеттігін көрсетіп отыр”, – деп атап көрсетті Білісбеков.

Тағы да оқыңыз:

Данияр Елеусінов біржола кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутермен келісім-шарт жасасты

Головкинмен айқасқа шығатын “Канелодан” допинг табылды

Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған

Талқылау