Астанада баласы жоқ ерлі-зайыптылар бірден төрт баланы асырап алды

Астаналық ерлі-зайыптылар қаладағы балалар үйіне барып, жетімдерді асырап алғылары келетінін айтқан. Олар алған қыздардың әке-шешесі ата-аналық құқықтарынан айырылған жандар болса, ұлдардың туыс ағасы мен әпкелері бар екен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Балалар үйі директорының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Оксана Дзюбаның айтуынша, ерлі-зайыптылар төрт баланы да патронаттық тәрбиеге алғылары келетін ниеттерін білдірген.

Сонымен қатар, қазіргі кезде балалары жоқ ата-аналар ғана емес, 3-4 баласы барлар да жетімдерді бауырларына басқысы келетінін айтып жиі келеді екен. 2016 жылы балалар үйінің базасында отбасыларды қолдау орталығы құрылған. Осы мақсатта “Ана үйі” қорымен меморондум жасалып та қойыпты.

Бұл жерде асырап алуға ниет білдірген ата-аналар әлеуметтік және құқықтық көмек алады.

“Сенбі сайын кандидаттар арнайы курсқа қатысады. Отбасын баланы алу – қарапайым шешім емес. Ата-ана баланың психологиясын түсініп, оның болашағына деген жауапкершілікті сезіне білулері керек”, – дейді Оксана Дзюба.

Қазір астаналық балалар үйінде 4-18 жас аралығындағы 74 бала бар. 2016 жылдың санында олардың саны 115 болған екен.

“Бізде тәрбиеленушілердің саны азайып келе жатыр. Бұған әсер етіп отырған нәрсе ата-аналардың асырап алу, қамқорлық жасау, патронат болу секілді бастамаларының артуы. Жыл басынан бері біздің балалар үйінен отбасылар 33 баланы асырап алды”, – дейді Дзюба.

Тағы да оқыңыз:

Президент бекіткен латын әліпбиі қандай болмақ?

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар