Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтің інісі жазадан құтылып кетті

Астанада әйелін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовты өз үйіндегі жертөледе жасырған туған інісі жазадан құтылып кетті.

pogudx5n05uql0egv.698bdf62

pogudx5n05uql0egv.698bdf62Сурет: tv7.kz

Бұл туралы  КТК арнасы хабарлайды

Бас прокуратура жауапкершілікке тартатындай қылмыстық құрам таппаған.

Қанат Сәдуовтың өзі өткен қазан айында 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның үлкен ұлы Талғат бірнеше ай бойы әкесін өз үйінде жасырып келген туысы Марат Сәдуовті де жауапқа тартуды сұрап арызданған.

Алайда, ол жазаланбайтын болды. Прокуратура ағасын жасырғанда тұрған ешқандай қылмыс жоқ деп шешіпті.

Естеріңізге салсақ, мамыр айында Қанат Сәдуов мұғалім келіншігін тура мектеп ауласында үстіне бензин құйып өртеп өлтірген еді. Кикілжіңге пәтер себеп болған. Қазір марқұм әйелдің артында қалған 4 баласы Петропавлда нағашыларының қолында тұрып жатыр.

Талқылау