Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әйел өтірік мейірбике болып, зейнеткердің миллиондаған ақшасын ұрлап кеткен

Астанада зейнеткерден қомақты көлемде ақша ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада әйел өтірік мейірбике болып, зейнеткердің миллиондаған ақшасын ұрлап кеткен

6 тамызда 89 жастағы тұрғын полицияға шағымданған. Оның сөзінше, белгісіз әйел өзін мейірбикемін деп таныстырып, алдағы уақыттағы ақша реформасы туралы айтқан. Мұнан кейін әйел зейнеткерге қағаз ақшалардың нөмірін жазып қою үшін өз көмегін ұсынады. Оған сенген қария шкафтың ішінде тұрған жинақ қаржысынан біраз ақша алып келіпті.

Артынша «мейірбике» қарияға қан талдауын тапсыруын сұраған. Зейнеткер жуынатын бөлмеге кіріп кеткенде, әйел оның 4 миллион теңгеден аса ақшасын ұрлап, қашып кеткен.

Полицейлер бақылау камераларының көмегімен 30 жастағы күдіктіні тауып, ұстады. Сонымен қатар тергеу барысында оның басқа да егде жастағы адамдардың пәтерінде ұрлық жасағаны анықталды.

Ақшасы қолды болған зейнеткер артынша оны көріп, өзін «мейірбике» ретінде таныстырған әйелді таныды. Мұнан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция күдіктінің әрекеттерінен зардап шеккендерден құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71-66-10, 71-66-02, 71-66-40 немесе 8-702-635-01-01.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау