Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада аялдамаға қазақтарға қатысты балағат сөз жазып кеткен ер адам сотталды

Аялдамада бағдар схемасы көрсетілген плакатқа балағат сөз жазып кеткен ер адамға үш жарым жылға бас бостандығынан айыру және маскүнемдіктен емделу үкімі шығарылды.

Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, “Қазақтарды итше қыру керек” деген сөздерді ер адам Астанадағы Жеңіс даңғылы бойындағы аялдамада бағдарлар схемасы көрсетілген баннерге жазып кеткен, деп хабарлайды Sputnik.

Айыптауға сәйкес, Гайсин  ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігінде қарастырылған ұлтаралық алауыздықты тудыруға бағытталған қасақана әрекет жасады. Сотталушы кінәсін толықтай мойындаған.

Сот Гайсинді үш жарым жылға бостандығынан айырып, маскүнемдіктен емделуді тағайындады.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Алматыда көлік ішіндегілер жаяу жүргіншіні атып кетті (видео)

Талқылау