Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада аялдамадан екі жасар бала табылды

Әлеуметтік желі қолданушылары Астана қаласындағы автобус аялдамасынан екі жастағы баланың табылғанын хабарлауда.

нрнр

Баланың табылғаны туралы хабар Фейсбуктағы “Астана – Что? Где?Когда?” тобында жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, баланы аялдамаға отырғызып кеткен болуы мүмкін.

ffff

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментіне дүкен сатушысынан қоңырау келіп түскен. Полицейлер хабарлағандай, табылған бала 2014 жылы туған.

“Оқиға орынына тәртіп сақшылары жетіп, бала Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ол жерде бірер сағаттан соң баланың ата-анасы да анықталды. Олар баласы аулада ойнап жүр деп ойлаған. Алдын-ала деректер бойынша, бала автобусқа мінбекші болған, бірақ кондуктор оны мінгізбей, бала кері қарай ойнап кеткен”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Баламен профилактикалық кеңес жүргізілген. Полиция қаладағы ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертуде.

Талқылау