Астанада автобус есігін ашып жүрген жүргізушісі жұмысынан қуылды

Астанада қоғамдық көлік жүргізушісі ереже бұзғаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл тураалы желі қолданушысы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Астана тұрғыны жазбасында жолаушыға толғаны соншалық, ине шаншар орын қалмаған автобустың есігі жабылмаған соң, жүргізушінің ойлап тапқан “айлакерлігін” былай суреттейді: «Көліктің есіктері жабылмаған соң, жүргізуші адамдардың бәрін сыйғызудың керемет тәсілін ойлап тапты. Есіктері ашық автобус күрт жылдамдығын арттырып, кенет тоқтап, біресе жүріп, біресе тежеліп, жолаушыларды осылай табиғи теңселту арқылы нығыздай бастады».

«Астана LRT» оқыс оқиғаға жылдам шара қолданды.

«Жүргізуші Агимов Д.О. жұмысынан қуылды, оны бағдардан алып тастадық. 2018 жылғы 15 наурызға әдеп кеңесі белгіленді. Мән-жайды тексеріп болған соң, нәтижесі жайлы осы постың астында хабарлаймыз», – деп мәлімдеді ұйымның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:

Қайырымдылық қоры Орал облысында бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға үй сыйлады

Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды

Қоғам белсендісі: Ерлан Біләл қылмыскер басымен Абайдың рөлін қалай сомдап жүр, мен болсам асылып өлер ем

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар