Астанада гипноз арқылы жұрттың ақшасын алып кеткен көріпкел іздестірілуде (видео)
Тележүргізуші Динара Сәтжан Астана тұрғындарын қалада алдап-арбау жолымен елдің ақшасын алып кететін алаяқтың жүргені туралы ескертті.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Достар, сақ болыңыздар! Қалада бал ашып беремін деп, алдап-арбау жолымен елдің ақша алып кететін алаяқ пайда болды. Оны табуға көмектесіңдер», – деп жазды Сәтжан өзінің Instagram парақшасында.
Оның ақпараты бойынша, жұрты гипноздап ақшаларын алып кететін алаяқ 45-50 жастағы әйел адам. Ірі денелі балгердің бойы 165-170 сантиметр екен. Сондай-ақ, оның үстінде ұзын көйлек пен көк күртеше болған.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда зиянкестер теміржол бөлшектерін ұрлап, металл қабылдайтын жерге өткізіп жүр
ШҚО-да қисық-қыңыр салынған жол белгісі желі қолданушыларын күлдірді (видео)
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады