Қазақстанда зиянкестер теміржол бөлшектерін ұрлап, металл қабылдайтын жерге өткізіп жүр

Еліміздің батысында металл сынықтарын қабылдау нүктелерінің саны күрт өсіп, екі есе көбейді. Бұрын осы қызмет үшін арнайы лицензия көрсетілген болса, бүгінде кез келген адам мұндай нүктелерді аша алады.

Қазақстанда зиянкестер теміржол бөлшектерін ұрлап, металл қабылдайтын жерге өткізіп жүр

Бұл туралы Астана арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дегенмен, металл қабылдайтын орындардың бәрі заңды түрде жұмыс істемейді. Олардың көпшілігі ұрланған металдарды да қабылдауда. Полиция қызметкерлері темір өткізгіштер зират басындағы қоршауларды да ұрлап кеткенін айтты. Соңғы уақытта олар теміржолдың  үстіңгі  жолақтарын ұрлауға көшкен. Теміржол күзетшілерінің айтуынша, өткен жылы көлеңкелі кәсіппен айналысқысы келген 26 адам ұсталды. Мұндай жағдайлар тек Батыс Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінде де орын алуда.

Темір өткізгіштер металл сынықтарын өткізіп, пайда көру ішін зиратты тонап, талқандап жүр. Орал қаласының тұрғыны Галина Дахина жақында екі қоршаудың  жоғалып кеткенін байқаған.

«Көршілес екі қоршауда жоқ. Кімге барып шағымданатынымды да білмеймін. Зираттың қараусыз екенін білгенімде, жағамды ұстадым. Сонда бейіт басындағы қоршауларды кім-көрінген еш қиындықсыз ұрлай алады. Бұл үшін ешкім жауап бермейді екен»,-дейді Галина Дахина.

Орал қаласында металл сынықтарын қабылдау орындарының саны екі есеге өскен. Егер өткен жылы олардың саны 18 болса, бүгінде 30-дан асады. Металл қабылдау орындарының күрт көбеюі мамандандырылған темір жол күзетінің қызметкерлерін қатты алаңдатып отыр. 2017 жылы олар 15 ұрлықтың үстінен түскен. Қылмыскер көбінесе доңғалақтың бөліктерін және жолдың үстіңгі құрылымдарын ұрлап кетеді екен. Сондықтан мобильді топтар ұрлық жасайтын жерлерді үнемі тексеріп отырады.

«Өткен жылы біз 15 ұрлықтың болғанын анықтадық. Тонаушылықпен айналысқан 26 адам ұсталып,  ЛОВД-ға жіберілді.Олар материалдық құндылықтарды жолдың жоғарғы құрылымдарын жұлып әкеткен. Бізде рельстерді ұстайтын жапсырма бар, олар бір-біріне қосылады. Зиянкестер дәл сол жапсырманы шығарып алып, металл қабылдайтын орындарға өткізеді. Бұдан көп шығын келмесе де,  салдары жаман болуы мүмкін»,-дейді Орал облысы бойынша «РЖД» АҚ филиалы директорының орынбасары Бауыржан Жолмақанов.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да қисық-қыңыр салынған жол белгісі желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Жамбыл облысында автобус аударылып, бірнеше адам қаза тапты

Шымкентте мұғалім мектепте асылып қалған

Түркістанда күйеуі кішкентай балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар