Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алаяқ өзге адамдардың құжат нөмірімен несие алған

Астана полициясы интернет арқылы 20-дан астам адамды сан соқтырып кеткен алаяқты ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

71498

Полицияға қалалық мекеменің 25 қызметкері хабарласып шағым түсірген. Олардың айтуынша, осы жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін оларды ЖСН нөмірі мен фамилияларын пайдаланып өзге біреу интернет арқылы онлайн-несиелеу қызметін пайдаланған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция 1996 жылы туған ер адамды ұстады. Белгілі болғандай ол шағым түсірушілермен бір мекемеде істегендіктен, олардың жеке мәліметтеріне қанық болған. Қазіргі таңда ол уақытша тергеу изоляторында отыр. Ол әр адамға 10-50 мың теңге аралығында материалдық шығын келтірген.

Оқи отырыңыз:

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді

Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Талқылау