Анасы 7 жасар ұлын Астанадағы бейімдеу орталығынан алып кетті

7 жасар баланы анасы Астанадағы «Асыл бала» республикалық қауымдастығы орталығынан алып кетті.

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің кеңсесі баланың анасымен кездескенін растады. Бала адвокаттың қатысуымен анасына берілді. Олар адвокатпен белгісіз жаққа кетіп қалған.

Бастапқыда анасына баласын көрсетпей қойды. Бұл жағдайғы қатысты Зағипа Балиева пікір білдірді.

“Мен анасына баласының жағдайы жақсы екенін түсіндірдім. Жанында тәтесі мен әжесі бар. Бірақ ол анасы болғандықтан, мемлекеттік қорғаудан бас тарта алады. Ол үшін арыз жазу керек. Анасына бір ғана сараптама жасап, баланың денсаулығын тексеру керек екенін айттым”, – деді Балиева.

Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып, арызданған. Қылмыстық іс қозғалды.

Жіберіп алмаңыз:

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Балиева: Баланың анасы мен адвокаты Астанаға келеді

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Бас прокурор істі тергеуді тапсырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар