Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева 7 жасар баланың Астанада уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты. Ол 7 жасар балаға кіру үшін бір шарт қоятынын мәлімдеді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бала құқығы жөніндегі уәкілдің айтуынша, бала қазір әжесімен пәтерде. Бүлдіршінді көруге, сөйлесуге тыйым салынбаған, тек оған зорлау ісіне қатысты ешқандай сұрақ қойылмауы керек.

“Баланы көруге ешкім шектеу қойып отырған жоқ. Оған тек болған оқиғаға қатысты сұрақ қоюға тыйым салынған. Ал басқа сұрақтар бойынша сөйлесіп, көруге болады. Кеше ол дүкенге барды, бүгін түстен кейін медициналық тексерістен өтеді. Кездескілеріңіз келсе, әрине, кездесе беріңіздер. Бірақ бір ғана шартпен – тергеуге қатысты ешқандай сұрақ қоюға болмайды”, — деп қадап айтты Балиева.

Депутаттың айтуынша, қазір бала елең-алаңсыз ойнап, педагогтармен сабақ оқып жүр.

“Қазір “Асыл бала” сыйлаған телефонмен ойнап жүр. “Жас ұлан” (республикалық мектебі) түрлі қызықты, ақыл-ойды дамытатын ойындар жүктелетін планшетті сыйға тартпақшы. Сол планшетті күтіп жүр. Кеше еріктілер келіп, онымен танысты. Мұның бәрін айтып отырғаным: бала қоғамнан оқшау емес, оны ешкім жасырып отырған жоқ”, — деп түсіндірді Балиева.

Бұдан бұрын, ол баланың анасы мен адвокаты 16 наурызда Астанға келетінін айтқан еді.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде бесінші сынып оқушысы жолдасының аяғына пышық сұғып алды

Алматыда мас күйінде көлік басқарған жүргізушінің кесірінен жол апаты болды

Қызылордада жеңіл көлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды

Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында 11 жасар оқушыны көлік қағып, өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар