Астанада 3 баланың із-түзсіз жоғалып кеткен ата-анасы қайда болғаны белгілі болды
Астанада шамамен бір апта бойы іздестірілген 3 баланың ата-анасының қайда болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
32 жастағы Гүлхан Терлікбаева мен Исраилжан Идминов кәмелет жасқа толмаған 3 қызын үйде қалдырып, ұтыс ойынын ойнаған.
Полицейлер анықтағандай, оларға қатысты заң бұзушылық әрекеттер жасалмаған. Ерлі-зайыптының сөзінше, олар букмекерлік кеңседе болған.
19 сәуір күні желіде ерлі-зайыптының жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. 12 сәуір күні анасы қызын даму орталығына апарып, содан үйіне оралмаған. Үйінде үш баласы қараусыз қалған. Олардың үлкені 7, ортаншысы – 5, кенжесі 1 жаста.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
Алматыда бұрынғы министрдің үйінен қомақты қаржы ұрланды
Ресеймен шекарада полковникті Қазақстан президентімен шатастырып алған
Петропавлдағы атыс: Аяғынан айырылған спортшының ісіне қатысты айыпталғандарға сот үкімі шықты

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
