Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 12 жастағы қыз ашық тұрған құдыққа құлап кетті

12 жастағы қызды құдықтан куәгерлер алып шыққан. Қақпақ құдықтың жанында жатқан екен. Қыз тексеруден өту үшін балалар ауруханасына жеткізілген.

photo_23143 (1)

Сурет: © Facebook.com/Мерхат Айқынов

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне хабарлайды.

ІІД мәліметінше, Астанадағы ІІБ ЖБО-ға көшелердің біріне бала түсіп кеткені жөнінде хабарлама келген. “12 жастағы қызды құдықтан куәгерлер алып шыққан. Қақпақ құдықтың жанында жатқан екен. Қыз тексеруден өту үшін балалар ауруханасына жеткізілген. Оқиға Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінде болған.

Осы дерек Астана ІІД “Алматы” аудандық ІІБ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 371-бабы (“Немқұрайлылық”) бойынша тіркеуге алынды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Facebook қолданушылары да қаланың түрлі ауданындағы ашық тұрған құдықтардың суретін жариялап жатыр.

Қаладағы өзге де беті ашық қалған құдықтардың суретін жариялап жатыр. Марина Лечебрина есімді “Астана – Что? Где? Когда?” тобына Иманов көшесі мен Республика даңғылының қиылысында түсірілген суретті жіберген.

169205a173ab49531b46b8a330e8a71f

Сурет: Facebook.com/Marina Lechebrina

6af66584641c66e228e33476ec8d3678

Сурет: © Facebook.com/Мерхат Айқынов

Талқылау