Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғынына Facebook арқылы бала зорлады деген айып тағылды

Астаналық әйел ер адамның үстінен шағым түсіріп, полицияға арызданды. Алайда сот-медициналық сараптамасы баланың зорлық көрмегенін көрсетті.

фб-45Елорда азаматшасы кішкентай баланы зорлады деп ер адамды айыптап, тіпті, оның суреттерін Facebook парақшасында жариялаған. Алайда ер адамның ешқандай зорлық әрекетке бармағандығы анықталды, деп хабарлады Sputnik.

Астана тұрғынының үстінен қозғалған қылмыстық іс дәлел болмағандықтан тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін ер адамның ар-ожданына сызат түсіп, кәсіби беделіне нұқсан келді. Осы себепті Астанадағы Алматы аудандық соты Facebook әлеуметтік желісінде оған дейінгі таратқан ақпаратын жоққа шығаруды талап етті. Сот ісі ер адамның пайдасына шешіліп, әйел 200 мың теңге көлемінде өтемақы төледі. Шешім әзірге заңдық күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз: 

13 жастағы қызы ішімдікке салынғаны үшін Қостанай тұрғынына төрт рет айыппұл салынды

Ақтөбеде қанды қырғынды ұйымдастырғандар террорлық шабуылды неліктен жасағандарын түсіндірді

БАҚ-қа шолу. Қазақстанда дәрігерлер ата-анасына жаңа туған қыздарын ер бала деп сендірген

Нанаевтың өліміне күдіктінің анасы: Менің ұлым қыздарды қорғаштады

Талқылау