Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны тіс дәрігерінің салғырттығынан ине жұтып қойды

“Жүз жаңа есім” жобасының жеңімпазы, «Клуб Добряков» жобасының негізін салушы, Гүлмира Абдрашева астаналық әйелдің басынан өткен оқиғасын айтып берді.

Астана тұрғыны тіс дәрігерінің салғырттығынан ине жұтып қойды

Айтуынша, тұрғын Бибінұр Әбдіқұлова тіс дәрігерінің қателігінен ине жұтып қойған. Оқиға Хайвиль аумағындағы”Astana Dent” стоматологиясында болған.

Бибінұр Әбдіқұлованың өзінің айтуынша, ол ол тісін жасатпақ болып, 1,5 сағат дәрігердің алдында жатады. Дәрігері тісін рентгенге түсіріп, компьютерге қарағанда, ол сілекейін жұтпақ болады. Осы сәтте тамағынан өткір нәрсе өтіп кетеді. Қақалып дем жетпей қинала бастайды. Дәрігер медициналық құралды жұтып қойғанын айтып, жедел жәрдем шақырады.

“Өмірім көз алдымнан өтті. Дем жетпей қақала бастадым. Бір уақытта бірнәрсені жұтқанымды сездім. Содан соң ғана тыныс ала бастадым. Әлдене жұттың деген соң мүлде уайымдап кеттім. Жедел жәрдем келіп, мені ауруханаға алып кетті. Рентгенге түсірді. Шланга жұттым. Дәрігер қандай зат жұтқанымды компьютерден көрсетті. Қалқанша безім мен асқазанымды тіліп кетті деп ойладым. Дәрігер 20 минуттан соң дәрігер әлгі құралды алып шықты. Оны өзіне естелікке алып қалды. Мен тек суретке түсіріп алдым”, – дейді тұрғын.

Дәрігерлер ептілігінің тарқасында дер кезінде инені алып үлгерген. Гүлмира Абдрашева білікті дәрігерлерге алғысын айтты.

Талқылау