Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғындары Санта-Клаусқа хат жазып, компьютер сұраған баланы іздестіріп жатыр

Астана тұрғыны Санта Клаусқа хат жазған баланың әмиянын тауып алған. Хатта Ерасыл есімді бала Санта Клаусқа хат жазып, компьютер сұраған екен.

23_wide

Суреттер: facebook.com

«Бараева көшесінен ішінде хат пен ұсақ тиындары бар баланың әмиянын табылды. Хатта ол тілегін Санта Клаусқа арнап жазған. Біз тез арада Ерасылды тауып, тілегін орындауымыз керек», – дейді Астана тұрғыны Зәуре Сағидолдина өзінің Facebook парақшасында.

Оның бұл ұсынысына көпшілік қолдау көрсетті.

_jpg

Ерасыл хатқа тілегінен бөлек компьютер мен тышқанының суретін де салған екен.

Хатты оқыған қолданушылар баланың 1-сынып оқушысы болуы мүмкін екенін, тіпті Бараева көшесінде орналасқан №10, №27 немесе 54-лицейде оқуы мүмкін екенін айтып жатыр.

«Негізі әмиянды менің ұлым Әсет тауып алған. Онда ұсақ тиындар болыпты. Бірақ, мен Ерасылдың әмиянын жоғалтқаны үшін көңіл-күйі бұзылғанын ойлап, хабарлауды жөн көрдім», – дейді Зәуре Сағидолдина.

Талқылау