Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” топтық кезеңде МЮ, “Интер” және “Рома” клубтарымен ойнауы мүмкін

Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайтын командалар арасындағы жеребе бүгін тартылады. Бұл айтулы додада Еуропаның мықтыларымен елордалық “Астана” да сынға түседі.

X_ZQsgbUdnM

Фото: vk.com

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

«Астана» клубы төртінші себетке түскендіктен, «Панатинаикос» (Грекия), «Сассуоло» (Италия), «Карабах» (Әзірбайжан), «Ницца» (Франция), «Заря» (Украина), «Астра» (Румыния), «Коньяспор» (Түркия), «Османлыспор» (Түркия), «Габала» (Әзірбайжан), «Хапоэл» Беэр-Шева (Израиль) және «Дандолк» (Ирландия) командаларымен ойнамайды.

1-себет: «Шальке» (Германия), «Зенит» (Ресей), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Шахтер» Донецк (Украина), «Атлетик» (Испания), «Олимпиакос» (Грекия), «Вильяреал» (Испания), «Аякс» (Голландия), «Интер» (Италия), «Фиорентина» (Италия), «Андерлехт» (Бельгия), «Виктория» (Чехия).

2-себет: «Алкмаар» (Голландия), «Брага» (Португалия), «Зальцбург» (Австрия), «Рома» (Италия), «Фенербахче» (Түркия), «Спарта» Прага (Чехия), ПАОК (Грекия), «Стяуа» (Румыния), «Генк» (Бельгия), АПОЕЛ (Кипр), «Стандард» (Бельгия), «Сент-Этьен» (Франция).

3-себет: «Гент» (Бельгия), «Янг Бойз» (Швейцария), «Краснодар» (Ресей), «Рапид» (Австрия), «Слован» (Чехия), «Сельта» (Испания), «Маккаби» Тель-Авив (Израиль), «Фейеноорд» (Голландия), «Аустрия» (Австрия), «Майнц» (Германия), «Цюрих» (Швейцария), «Саутгемптон» (Англия).

«Астананың» нақты қай клубтармен ойнайтыны бүгін кешкі 17:00-де тартылатын жеребеден кейін белгілі болады. «ОҢ ТВ» арнасы жеребе тарту шарасын тікелей эфирде көрсетеді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, 48 команда рейтингтегі орындарына қарай 4 себетке бөлінді. Жеребе тарту кезінде 12 топ жасақталып, бұл топтарға 4 себеттегі командалар бір-бірден жайғасады. Айта кетер жай, бір ұлттық қауымдастықтағы клубтар бір топта ойнамайды. Сонымен қатар, Ресей мен Украина командалары өзара кездеспейді. Топтық кезеңдегі барлық матчтардың тізімі бүгін кешке шығарылады. Ойындар 15, 29 қыркүйек, 20 қазан, 3, 24 қараша, 8 желтоқсан күндері өтеді.

Талқылау