Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана”- “Шахтер” матчында қолдан жасалған қағаз билеттер сатылған

Қазақстан премьер-лигасының I туры аясында Елордадағы “Астана-арена” стадионында өткен “Астана”-“Шахтер” матчына қолдан жазылған қағаз билеттер сатылған.

BFKr-xAfCp8

Ақ параққа қолмен жазыла салған билеттерді “Ақтөбе” футбол клубының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасы жариялады. Ондағы суреттерден жанкүйерлерге қағаз билеттер таратылғаны байқалады. Желіге пікір қалдырған қолданушылар, мұны өте ұят әрекет деп бағалаған.

56RNFFg9Fyg

Еске сала кетсек, “Астана” мен “Шахтер” арасындағы матч 2:1 есебімен елордалық клубтың пайдасына шешілген.

Талқылау