Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана» клубы Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті

«Астана» клубының футболшылары Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьеск» командасымен кездесіп, жеңіп кетті.

«Астана» клубы Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті

Сурет: “Астана” клубының баспасөз қызметі

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Никшичте өткен ойын 2:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасында аяқталды. «Астаналық» Серікжан Мужиков ойын қаһарманына айналды. Ойынның 38-минутында Джордже Деспотович, ал 65-минутында Серікжан Мужиков гол соқты.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» футболшылары даттық «Мидтьюлланд» командасымен ойын көрсетеді. Олардың алғашқы ойыны 24 шілдеде Астанада өтсе, қарымта кездесу бір аптадан кейін өтетін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау