Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” Еуропа лигасында АПОЭЛ-ден ұтылды

 “Астана” футбол клубы Европа лигасының топтық кезеңінде кипрлік АПОЭЛ-ден 1:2 есебімен ұтылып қалды.

det_66

Фото: vesti.kz

Бұл жолы бас бапкер Станимир Стойлов шабуыл шебіне  Джордже Деспотович мен Жуниор Кабананганы шығарып, оң қанаттағы белсенді ойыншы Патрик Твумасиді қосалқы құрамға қалдырды.

Алаң иелері алғашқы минуттан бастап шабуылға көшті. Олар жылдам шабуылдарының арқасында ойынның 20-шы минутына дейін басымдылықтарын сақтап тұра алды. Бірақ, қос командада есеп ашуға асыққан жоқ. Тек тайм соңына қарай, “Астананың” сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичтің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады.

Алайда көп өтпей Винисиуы есепті теңестіріп кете алды. Осыдан соң Серікжан Мұжықовтың орынына Асхат Тағыберген алаңға шығып, команда біржолата қорғаныс шебіне ыңғайлы тактикаға ойысты. Ойынның соңғы минуттарында АПОЭЛ жеңісті жұлып алды. Гол авторы Игор Де Камарго.

Енді “Астана” 29 қыркүйекте “Астана-Аренада” швейцариялық “Янг Бойзды” қабылдайды. Матчтың басталу уақыты 21:00-де.

Оқи отырыңыздар:

Ильиннің салмағында медаль алған Лондон олимпиадасының үш жүлдегері де допинг дауына ілікті

Головкин бесінші раундқа дейін Бруктан ұпай санымен ұтылып жатқан

Головкинмен болған жекпе-жектен кейін Брукке ота жасалмақ

Головкин-Брук жекпе-жегінің бейнежазбасы (видео)

Талқылау