Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, даршы Василий Пешков Астанада трюк көрсету кезінде арқаннан құлап түсті.

2657538

Фото: Айгюзель Кадир

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Әуе даршылары” номерін орындау кезінде Василий Пешков өнерін аяқтап қалып, басында әріптесімен ұзын таяқты ұстап арқанмен өткен, алайда шамамен он метрлік биіктіктен құлап кетті. Әртісті көтеріп алып кетті.

“Василий Пешковпен бәрі жақсы”, — деп хабарланды кейіннен көрермендерге.

Әртіс бұрын Австралия, Австрия, Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Қытай, Голландия, Орталық Америка, Германия және өзге елдерде сәтті өнер көрсеткен. “Азия жаңғырығы” атты оныншы мерейтойлық цирк өнерінің дәстүрлі фестивалі 2 шілдеде басталып, 6 шілдеге дейін жалғасады.

Фестивальде Беларусь, Мысыр, Қырғызстан, Монако, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эфиопия, Қытай сынды елдерден келген және Қазақстанның ең үздік цирк әртістері өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

Екібастұзда екі жігіт лаулап жанған үйден әйелді шатыр арқылы алып шықты (видео)

Қостанайда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Алматы-Қапшағай жолында қызметін атқарып тұрған полицей қаза болды

Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыстанған балкон себеп болған

Талқылау