Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана”-“Бенфика” ойындарын “Қазақстан аруы -2015” қатысушылары да тамашалауға барған

Елордалық «Астана» ФК-ның португалиялық «Бенфика»-мен Чемпиондар лигасының бесінші турында кездесуін 15 089 көрермен тамашалады. Олардың ішінде «Қазақстан аруы-2015» ақтық байқауына қатысу үшін ел астанасына өңірлерден келген арулар да болды.

2g

 

«Қазақстан аруы-2015» аймақтық байқауларының қатысушылары ғаламтордағы аккаунттарына матчта түскен фотосуреттерін салуда.

«Мен футбол матчын алғаш рет тамашаладым. «Астана» мен «Бенфика» ойыны тең түсті (2:2)», – деп жазады Инстаграмда тараздық байқау қатысушысы Камилла Жиренбаева.

«Маған бұл ойын сондай ұнады, ойын кезінде көп эмоциялар сезіндім», – деп жазады «Павлодар аруы-2015» Мәдина Бейсембаева.

«Мачтан соң, қыздар, футболды ұнатып кеттік», – дейді «Ақтау аруы» Джейран Дурсунова.

3

Еске салайық, 10 желтоқсанда Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында қазылар мен көрермендер Қазақстанның ең сұлу аруын таңдайтын байқауға қызу дайындық жүріп жатыр. «Қазақстан аруы-2015» атануға өңірлерден келген 30 бойжеткен үміткер.

4 201511260239056  9 3

101

106103105

Талқылау