Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әлемдегі ең интеллектуалды қалалар тізіміне енді

Елордамыз сарапшылардың биылғы бағасы бойынша Канада, Тайвань, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ қаларымен бірге әлемдік ең “ақылды” қалалар тізіміне енді.

index
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Интеллектуалды қауымдастықтар форумының рейтингіне сәйкес Астана ICF ” Топ-21 әлемдік интеллектуалды қауымдастықтар” рейтингіне енді деп хабарлады Астана әкімшілігінің баспасөз қызметі. Рейтинг тізіміне жергілікті экономика мен қоғам құрылысы үшін сандық құралдарды қолданатын қалалар, аймақтар мен қауымдастықтар кіреді.

“Рейтингке Канада, Тайвань, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдерінен бірқатар қалалар еніп отыр. Енді олар “ТОП-7″ ақылды қалалардың қатарына енуге бақ сынасады, оның нәтижелерін 2017 жылы ақпан айында Тайпей қаласында жариялау жоспарланған”, — делінген хабарламада.  Екі жыл бұрын Астана Огайо штатында өткен үшінші Ақылды қауымдастықтар симпозиумында (АҚШ) “The Intelligent Community Forum” беделді рейтингі бойынша “ТОП – 21” ақылды қалалар тізіміне енген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда түрмеде жазаларын өтеп жатқан жастар телеарна ойындарына қатысты (фото)

NINETY ONE продюсері орынсыз айыптаулардың астарында не жатқанын айтып берді

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Перзенханадан қуып жібергендіктен жүкті әйел далада босануға мәжбүр болды (видео)

Алматыда түрмеде жазаларын өтеп жатқан жастар телеарна ойындарына қатысты (фото)

Талқылау