Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі қазақстанда жасалған тауарлар дүкенінен өзіне шұлық пен жемпір сатып алды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков  тек қазақсандық тауарларды саудалайтын “УниверMAG.kz” дүкенінің  алғашқы сатып алушыларының бірі атанды. Әкім ол жерден өзіне  шұлық пен жемпір алды.

2a0a090df88f98f7d53a4061fe0

Әкім  өзіне және  балаларға арналған үш жемпір мен  алты жұп шұлық сатып алған. Осынша тауар үшін  ол 27 800 теңге төлеген.

Қазақстанда жасалған тауарлар сатылатын дүкенде барлық отбасы мүшелеріне күнделікті киімнен бастап, спорттық киім, балалар мен ересектерге жейделер, бас киімдер, іскерлердің киіміне дейін сатылады.

«Бұл заманауи әрі қажет шешім. Біздің кәсіпкерлер заманға сай елдің сұранысындағы тауарларды өндіруді қолға алды. Киімдердің сапасы,бағасы қолжетімді әрі тиімді. Осыған дейін сатып алып келген өзге елдің киімінен еш кем түспейді»,-деді қала әкімі.

Дүкен Астана қаласындағы  Күмісбеков көшесінің бойында Абай даңғылымен  қиылыста орналасқан. Дүкенге барлық аймақтан дерлік 30 кәсіпорынның өнімі қойылған.

a218b93a37348d820c0b5c7cb0c

«біз Қазақстанда жасалған тауарлар жайлы тек телеарналардан ғана көреміз. Бірақ,олардың қайда сатылатынын білмейміз. Сондықтан осы сұрақты шешу үшін жеңілөнеркәсіп қожайындарымен бірлесе отырып осы жобаны қолға алдық. Тура осындай дүкенді өзге де аймақтарда ашуды қолға алатын боламыз»,-деді  Астана қаласы  бойынша  кәсіпкерлік пен жеңілөнеркәсіп басқармасының басшысы Малика Бектұрова.

Дүкеннің жұмыс уақыты  таңғы 10:00 ден кешкі 21:00 дейін.

ec7d20c3f9bae821b9d2b63967b

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта тұтынушылардың желі арқылы сауда жасауына жағдай жасамақ.

Тәуелсізідік күніне орай ашылған сауда орнының кәсіпкерлері түскен пайданың бір бөлігін балалар үйіне өткізетін болады.

e02c0a4a15ccfec5fb2c62ecb08

 

 

Талқылау