Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі Әсет Исекешев Голливуд жұлдыздарымен кездесті

Астана әкімі Әсет Исекешев әлемге танымал актерлер – Бай Лин және Кэри-Хироюки Тагавамен кездесті.

2690456

Бұл туралы Желідегі парақшасында әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жазған.

“Сіздерді Астанада көргеніме қуаныштымын. Бұл мен үшін тосын сый болды”, — деді Әсет Исекешев шетелдік қонақтарға.

Америкалық актриса Бай Линнің елордамызға келгені бірнеше күн бұрын белгілі болған еді. Актриса әлеуметтік желіде Астанада түскен суреттерін жиі жариялап жүр.

Бай Лин Джуд Лоу, Уилл Смит, Анджелина Джоли сияқты актерлермен бірге қырықтан астам фильмге түскен. Ол әсіресе “Стэтхэмнің қызы” деген атпен белгілі.

#happyindependenceday The street of Astana summer day, it is so clean, so #stunningly bright blue white and red…… #happymood I am walking and thinking of you … #happyindependenceday🇺🇸 #happy #independent 👍😜❤️🌹#usa and to all my #friends and #fans 🌹🌹today it is the day to #think #independently, to think with #love #freedom , to add peace and wisdom to our world , to be the best of us to do and strive for what our heart desires and looking for, to find the solid place for our soul to be #free and to shine it’s light and magic Cookie: our mind is powerful what we believe is what it will become ! Be the best of you ! Love from #bailing #satana #kazakhstan #actresslife @hollywoodreporter @dailymail.co.uk @dailymail @instylemagazine @voguemagazine @variety @vanityfair @nbcsnl @usweekly @people @comedycentral @instagram #hot #fashion #funny @ccstandup @nytimesfashion @glamourmag @marvel @dccomics @starwars #白灵 #hotred @people @usweekly @marvel @_marvelcomic @dccomics #白灵 #moviestar #summerdays

Публикация от realbailing (@realbailing)

“Мұнда көңілді әрі өте ыстық. АҚШ Тәуелсіздік күнін осылай тойлап жүрмін. Қазақстандық баланы кездестіріп, бетінен сүйіп, өзіммен бірге алып кеткім келді. Өзі сондай сүйкімді, басында ойланып тұрды да, менімен бірге кетуге келісімін берді. Астана – мейірімді жандар тұратын әсем қала”, — деп жазды актриса Желіде.

Кэри-Хироюки Тагава да америкалық кино жұлдыз. Ол “47 ронин”, “Гейша естеліктері”, “Маймылдар мекені” атты фильмдерге түскен.

Тағы да оқыңыз:

9 айлық сәби пойызда аптап ыстықтан есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскен

Алматыда 8 жасар баланы қағып өлтірген әйел жазасыз қалды

Мұхтар Әблязов Ұлыбританияда емін-еркін жүруі үшін ұлына миллиондап ақша аударған

Оралда құрылыс алаңынан табылған сәбиді өз әкесі қамқорлығына алмақшы

Талқылау