9 айлық сәби пойызда аптап ыстықтан есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскен

Сәрсенбі, 5 Шілде , 2017 22:57

Маңғышлақ-Астрахань жолаушылар пойызында аптап ыстықтан тоғыз айлық сәби есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскен. 40 минуттай өлім аузында жатқан балаға жолсерік алғашқы көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды.

пойызда клиникалык олим

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Арай Жалиева 9 айлық сәбиімен Атырау облысындағы Мақат теміржол стансасынан пойызға отырып, Шетпеге туыстарына келмек болған. 20 минуттан кейін қатты ыстықтан баланың тынысы тарыла бастапты. Анасының айтуынша, Фатиманың дене температурасы бірден 39 градусқа көтеріліп, клиникалық өлім жағдайына түскен.

40 минут бойы өмір мен өлім арасында болған перзентке жолсерік алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Баланы деген осы жерде қайта-қайта салқындатып, желменен желпітіп, былай жатқызып, арқасына массаж, аяқтарына жаттығу жасап, етбетінен демалдырып-демалдырып, балаға осылай жаттығулар жасадым. Бірақ қолымды тілінен алмадым. Өйткені тілі кетіп қалса, баланың кетіп қалатынына көзім жетіп тұр. Иегін басып-басып қарап, осылай 40 минут жұмыс жасадым баламен. Және баланың қырылдаған даусын естідім», – дейді жолсерік Алтынай Рамбаева.

Жолсерік сәбидің өмірін сақтау үшін 2,5 сағат күрескен. Ал нәресте 40 минут клиникалық өлім аузында жатты дейді. 17 жылдан бері жолсерік болып жүрген Алтынай түрлі оқиғаға куәгер болса да, дәл мұндай ауыр жағдайды бірінші рет көргенін айтады. Ал анасы жолсерікті баласының кіндік шешесіндей құрметтеп отыр.

«Алтынай апаға көп-көп алғысымды айтамын. Алғысым шексіз. Айтып жеткізу мүмкін емес. Кішкентай қызымды 2,5 сағаттан кейін қолыма қайтарып берді», – дейді Арай Жалиева.

Алғашқы көмектен кейін ана мен баланы дәрігерлер бірден Атырау ауруханасына әкеткен. Қазір баланың жағдайы жақсы дейді. Ал жол жүріп кеткен жолсерікті мекеме басшылығы ерлігі үшін марапаттамақ.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 8 жасар баланы қағып өлтірген әйел жазасыз қалды

Мұхтар Әблязов Ұлыбританияда емін-еркін жүруі үшін ұлына миллиондап ақша аударған

Оралда құрылыс алаңынан табылған сәбиді өз әкесі қамқорлығына алмақшы

Қазақстандықтар аптаған ыстықта адамдарды тегін тасуға шақырылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар