Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі “Алаш жолы” қозғалысының митинг өткізуіне рұқсат бермеді

Жер кодексіндегі ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді сату мен шетелдіктерге 10-25 жыл аралығындағы мерзімге жалға беру нормаларына қарсы митинг жасауға рұқсат сұраған “Алаш жолы” қоғамдық қозғалысына Астана қаласы әкімдігі рұқсат бермеген.

вм

Сурет rus.azattyq.org

Бұл туралы құқық қорғаушы, белсенді Мақсат Нұрыпбай аталмыш қозғалыстың Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Онда Астана қалалық әкімдігінен жіберілді деген хатты көрсетіп, 21 мамыр күні “Бәйтерек” монументі жанында митинг өткізуді сұрап жазған өтінішке қарсылық білдірілгені айтылған. Хатта қала әкімі Әділбек Жақсыбеков қол қойыпты.

Әкімдік митинг өткізуге сұралған орын 2013 жылдың 24 қыркүйегіндегі “Астана қаласында бейбіт жиын, митинг пен пикеттер өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы” шешімі бойынша шеру жасауға сай келмейді деп түсіндірілген.

Бұған дейін Алматы, Орал, Семей қалалық әкімдіктері де 21 мамыр күні митинг жасауды сұрап өтініш білдірген азаматтар мен топтарға рұқсат бермеген еді.

Талқылау