Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аслан Мусиннің ұлы Латвияда қайтыс болды

Бұрын президент әкімшілігінің жетекшісі болған танымал саяси  тұлға Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Латвияда қайтыс болды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның қазасы жайлы қаралы хабарды  Telegram желісінде саясаттанушы Талғат Қалиев жеткізген.

Оның айтуынша, Асылбек Мусин 15 қабаттың терезесінен құлап,  ауыр жарақат алған. Бірнеше уақыттан кейін қайтыс болған.

“Демалыс болғандықтан криминалистикалық сараптама әлі жасалған жоқ. Өлімнің себебі және марқұмның өлер алдындағы жағдайы қалай болғаны тек қана сараптамадан кейін белгілі болады.

Полиция оны өз- өзіне қол салған болуы мүмкін деп болжайды. Себебі бұдан екі ай бұрын оның азаматтық некедегі әйелі дәл осы терезеден секіріп кеткен еді”, – деп жазған Талғат Қалиев.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық банк төрағасы шетелде бұғатталған 22 млрд долларға қатысты түсініктеме берді

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Назарбаев: мемлекет халқына тегін баспана беруге міндетті емес

Талқылау