Асхат Тарғын “NіnеtyOne” тобының Ақтөбедегі концертін болдырмауға шақырды

Жексенбі, 25 Қыркүйек , 2016 8:10

Әнші Асхат Тарғын қазақстандықтарды “NinetyOne” тобының Ақтөбеде жоспарланған концертіне қарсылық білдіруге шақырды.

image

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Ағайын, жұмыла көтерген жүк жеңіл, бәріміз бір ауыздан қазақ өнерін ластатпауға, жұртты, елімізді аздыруға жол бермейік. Мен NientyOne концертінің Ақтөбеде өтуіне қарсымын”, – деп жазған ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Желіні пайдаланушылардың бірі Асхат Тарғынды бұл жазбасы үшін айыптаса, бірі қолдау білдірді.

Олардың жекелегенін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік: – “Өзіңіз осыншама жанкүйерді жинай алдыңыз ба? Сізді тойларға ғана шақырады. Жастарға жол беріңіздер. Заманмен бірдей аяқ басыңыздар. Сіздердің тыңдармандарыңыз 40-70 жастағылар. Өздеріңізді еске алыңыздаршы. “Ласковый май” тобының әндеріне билеу үшін би кештеріне барған боларсыз?! Олардың ол кездегі түрлері қандай еді?”.

“Ақтөбе біздің үйіміз. Үйімізге дұрыс адамдар кірсін. Олардың кіруіне үзілді-кесілді қарсымын. Бастаманы аяғына дейін жеткізіңіздер, жігіттер!”, “Ата-аналары қайда қарап отыр бұл жігіттердің?”, “Сіз өзіңіз де өнер жолында жүрген адамсыз. Сіздің де əндеріңіз біреулерге ұнамайтын шығар. Ол топтың өз тыңдарманы бар. Демократиялық мемлекетте əр адам қалай киінгісі, қалай жүргісі келетінін өзі біледі. Өзіңізге де осылай қақпақ болса ұнар ма еді?” дейді желі қолданушылары.

Еске салайық, “NinetyOne” тобының жетекшісі “Орда” тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Өзіндік стилі бар топ құрылған күннен бастап-ақ көпшіліктің сынына ұшырап келеді. Дегенмен, бұл оларға жанкүйерлердің жүректерін жаулауға, отандық және шетелдік түрлі хит-шерулердің  алғашқы орындарынан көрінуге кедергі келтіріп отырған жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Асхат Тарғынов бірінші әйелінен сүйген қызын өнерге баули бастады

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Абай Бегей мен Асхат Тарғын әріптестерін сотқа бермек

Асхат Тарғынның ұрлығы әшкере болды (видео)

Танымал тележүргізуші Асхат Тарғынның бұрынғы әйелінің сұлулығына қайран қалды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

18
Комментариев
  • Анонимно says:

    осы біз неге өзімізден шыққан өнерді өзекке тебеміз, шет елден əнші шақырып талай миллион ды шашқанда неге осылай концерт қойғызбаймыз деп шуламадыңыздар, қазіргі жастардың тыңдайтын əн мен əуені сол болып тұр ғой, шет елден əн іздегенше өздеріне ұнайтын ырғақтағы музыканы неге қазақша тыңдамасқа???? біздің уақытымызда қазақша эстрадалық əндер мүлдем болған жоқ Буланова, Алегрова, руки вверх, Шатунов, сиякты аншилерди тындадык музыка ултка болинбейди гой…. қолдарыңнан келсе неге олардан асып кететін, жастарды баурап алатын, қазақша стилі бар, қазақша əні мен үні бар, ұлттық топ құрып оларға еліктеушілерді өздеріңе еліктетпейсіңдер????? сын айту ең оңай шаруа….. ал сол жастарға ұлттық киі мүлгісі, ұлттық əн жобасы туралы ұсыныс тастағандар бар ма екен?????

  • Карадомалак says:

    А суки суки

  • ҚАЗАҚ says:

    Асхат бауырыма 100% қосыламын жұрт недесе о десін осы бір 91 тобын су қаным сүймеиді кəзіргі жастарды түсінбеимін 21 ғасыр деп өз санасын өздері улап жатыр бұл топтың əн айту шеберлігінде ешқандай сөзім жоқ бірақ əңгіме бұлардың стиль мен киім киінуінде біле білсеңіздер бұлар осы бір стиль мен қазақ мəдениетін ұрпағын теледидар арқылы теріс бағытта тəрбиелеп жатыр Ерболат Беделхан ға айтарым бұл топтың түр сықылын жөндемесең бұл қарсылық жалғаса береді ж/е қазақ жастарына бұл топ 100% ұнай бермеитіні анық жəне көп ғаламтор теледидар арқылы бұл топты жарнамалауды тоқтатқаныңыз жөн болар болмаса топтың ғұмыры да көпке бара қоймас 21 ғасырдың жастары білемін ол өздеріңіздің таңдауларыңыз бірақ бір нəрсені ұмытпаңыздар қазақта қызылды жасылды қызтеке сырға таққан еркек болмаған и болмайды да көздеріңізді ашыңыздар ғасырдан бері ата бабаларымыз қанын жанын беріп аңсап келген тəуелсіз ел боламыз деп келген тұста мынадай европаның ойсыз стиль мен мəдениетіне үйір болмағандарыңыз абзал бұл бізге жат тəрбие ж/е қазақ деген ұлтты жоюдың бір түрі біз таза ҚАЗАҚПЫЗ ҚАЗАҚСТАН деген елде өмір сүріп жатырмыз сол үшін өз мəдениетіміз өз салт дəстүрімізді ұмытпайық ойланайық ҚАЗАҚ деген ұлтты ҚАЗАҚ деген елді аманат қылып сақтау сіздердің мойынныңызда аманатқа қыйянат жасамаңыздар.

  • Жұмбақ жан says:

    Асқат Тарғынды өз басым əнші деп қабылдамаймын!!! 91 тобы кім не деседе алған беттеріңнен таймаңдар.91 сиякты топтар əлемнің барлық елдерінде бар сондықтан жас балаларды балағаттап жолына тосқауыдаудың қажеті жоқ сияқты

  • раушан says:

    Дурыс сахнага шыгартпау керек аты да заты да шетелше жокболсын шетелге

  • Анонимно says:

    Иди цыпленков своих зови той-певцы vs шоу-бизнес.

  • муслим says:

    Казак деген тек ариптен куралган соз гана, онын касиети жане мани жогалып барады. Азгындады елимиздин жастары (кобиси). Осы урпак жойылам дегенше, жана урпакты инкубацияда сактап, азгын дуниядан изоляция жасау кажет,тазарган сон таза урпакты босатамыз))))

  • Анонимно says:

    Асхат Тарғын Ninety one да шаруан канша оданда озинди жондеп ал коре алмай жатрснба оларды онда ишин куйсе туз жала

  • Анонимно says:

    Еи Асхат. Тонкаиып. Турып. Астынгы. Жагынабир. Карашы. Былыгып. Тур. Озинди тузе. Али. Ангиме. Аитатын. Болган. Жоксын. Санин. Аитатын. Анин. Орыстын мешитинде аитылады. Нагыз. Сени. Саканага. Шыгармау. Керек. Аиткын. Келсе. Орыстын. Мешитинде. Аит. Сенин. Орнын. Сонда. Озинде. Кыз. Устап. Отыр. Екенсин

    • Анонимно says:

      Асхат Таргын бауырымыздики дурыс казактын жигиттери нар болу болу керек Казакка жараспайды,ултымызды уланудан сактайык ондай топты жок кылу кереккой

    • Анонимно says:

      тууу,қатесіз жазып үйренсеңізші,біреуге ақыл айтқанша.Не жазғансың 5 жасар бала ұқсап?

  • мда. says:

    мда, останьте от них.

    • Анонимно says:

      Асгат. Уятын. Жок. Екен озинди. Жонде. Шип. Шип. Шип. Орыстын. Мешитине. Бар

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар