Асхат Тарғын әншіліктен бұрын темір-терсек сатып күн көргенін айтты

Бейсенбі, 15 Маусым , 2017 16:55

«Чип-чиппен» көтерілген әнші Асхат Тарғын бала күнгі ата-анасына көмектескен күндерін еске алды. Ол өзі әдемі киініп, әке шешесіне көмектесу үшін ауыл маңынан темір-терсек жинап, келісін 30 теңгеден сатқан. Ең алғашқы жұмысым да сол  болды дейді.

18809054_1160932724053585_3543671894093856768_n

Бұл туралы Асхат Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Ауыл маңында темірлер көп болатын. Металл дейді ғой. Сол металлды біз жігіттермен жинап, келісін 30 тг сататынбыз», – дейді Асхат.

Ақтөбе қаласына көшіп келген жылдары екі жыл көлік сатумен айналысыпты. Әр көліктің үстінен екі мың доллар пайда көрген Асхат Ақтөбенің қақ ортасынан баспана алған. Бірақ, бұл кәсіп те әншіге жақпапты.

«Басында Беларуссияға өзіме көлік алуға барғанмын. Содан көршім маған сатшы деген соң саттым. Сөйтіп жүріп екі жыл айналысыппын ғой. Кейін сауда жақпады. Мен сол тасымалдау кезінде ірі жол апатына түстім, одан кейін алданып қалдым. Мен сатып алған көлік ұрланған болып, бір сөзбен бонкрот болдым ғой», – деп күрсінді әнші.

2014 жылы Алматыға келіп, бір-ақ күнде Асхат тойдың да, сахнаның да төресі болып шыға келді. «Чип-чипсіз» қазақтың еш тойы бітпей, ақыры екі бөлмелі пәтер алып алды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ ақыны Қайратты орысша білмегені үшін сынағандарға өлеңмен жауап берді

Еркенің жаңа клипі Қазақстанда бұрын соңды болмаған рекорд орнатты (видео)

Қытай түсірген деректі фильмде Димаш туралы айтылды (видео)

Алматыда Сивидің туған күніне сыйланған атышулы бар жабылып қалды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар