Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери курсант қыздар ер-азаматтарды флэш-моб арқылы құттықтады (фото, видео)

Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласындағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының курсант қыздары ер-азаматтарды ерекше тәсілмен құттықтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

20160505104622

Жүзден аса студент шаффл дэнс стиліндегі Tez Сadey «Seve» әніне танымал биді орындады. Осындай заманауи әдіспен Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет ететін барлық әскери қызметші қыз-келіншектердің атынан жоғары оқу орындардың әскери кафедраларында оқитын қыздар еліміздегі барлық ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Естеріңізге сала кетсек, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері осы әуенге билеп, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді, аналарды құттықтаған болатын.

7777

Жалынды құттықтау тек Қазақстанның интернет пайдаланушыларын ғана емес шетелдіктерді де тамсандырды. Бұл құттықтауды көргендердің саны миллионнан асты.

55555

Бұл бастаманы көрген курсант қыздар жауап ретінде Отан қорғаушы күнін айғақтайтын 7 санының үлгісін келтіре отырып, танымал флэш-мобты орындады.

66666

Талқылау