Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай өнердегі “абысындарымен” араласпайтынын ашып айтты

Mysterions тобында ән салатын үш жігіт өзара тату болғанымен, олардың жұбайларының ара-қатынасы мәз емес көрінеді. Бұл туралы Аша Матайдың өзі айтып берді.

Аша Матай өнердегі "абысындарымен" араласпайтынын ашып айтты

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бозбала кезінен бірге ән салатын бұл топқа биыл 10 жыл. Бүгінде топ жігіттері бір-бір үйдің отағасы. Арман Аша Матаймен отбасын құрса, іле-шала Ілияс шаңырақ көтерді. Кейін Дильен де отағасы атанды. Бірақ бір қызығы, үш достың жары осы уақытқа дейін бірде бір рет кездеспеген. Тіпті, бір-бірін танымайды екен.

“Шынымды айтсам, оларды мүлдем көрмедім. Мистерионс тобындағы Ілиястың да, Дильеннің де жұбайларын көрген емеспін.

Ашаның айтуына қарағанда, өнердегі абысындары дін жолында. Сондықтан олар шоу-бизнестегі “абысынымен” араласпайтын көрінеді.

“Отбасылық кездесулерге олар әйелінсіз келеді. Неге екенін білмеймін. Ашығын айтқанда араласпайды екенбіз”, – деп ағынан жарылды Аша Матай.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау